Өзбекстанда жүргізуші футболдағы жеңіліс үшін көлігімен адамдарды басып кетпек болды

ТАШКЕНТ. KAZINFORM — Өзбекстанда Самарқанд облысының Нұрабад ауданындағы мектеп стадионында Nexia жүргізушісі көлігімен адамдарды басып кете жаздады. Ол мұны командасының футболда жеңілгені үшін жасағанын айтты, деп хабарлайды Gazeta.uz.

Өзбекстанда жүргізуші футболдағы жеңіліс үшін көлігімен адамдарды басып кетпек болды
Фото: Gazeta.uz

Жүргізуші ұсталып, көлігі уақытша айыппұл тұрағына қойылған. Жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

— Мен командамыз футболда жеңілгені үшін осылай істедім. Іс-әрекетіме қатты өкінемін, — дейді ол.

Айта кетейік, Өзбекстанда жедел жәрдем көлігімен отын тасыған жүргізуші қызметінен босатылғанын жаздық.

Сондай-ақ, көрші елде мас күйінде көлік тізгіндегін 30 мыңнан астам жүргізуші жазаланды.

Соңғы жаңалықтар