Өзбекстандағы Қазақстан елшісі Сабыр Рахимовтың мүсініне гүл шоқтарын қойды
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Бөрібай Жексенбин Жеңіс күніне орай өткен саяси шараларға қатысты.
Атап айтқанда, ол бастаған қазақстандық дипломатиялық өкілдіктің қызметкерлері «Мустакиллик» алаңында орналасқан Қайғырып отырған ана ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Сондай-ақ қазақстандық дипломатиялық өкілдіктің басшысы өзге әріптестерімен бірге Волгоград мемориалдық зиратына барып гүл шоқтарын қойды. Бұдан бөлек, Б. Жексенбин осы зираттағы Сабыр Рахимовтың мүсініне гүл қойып, батыр рухына тағзым етті.