Өзбекстандағы қазақтарды тез арада көшіру қажет - Президентке түскен хаттардан

АСТАНА. Қарашаның 2-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Өзбекстанның Науаи облысы Тамды ауданында тұрып жатқан қазақтарды тез арада көшіру қажет.
None
None

Бүгін, қарашаның 2-сі күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей желі арқылы тілдесуіне орай ашылған Байланыс орталығына хабарласқан Сердан Қамалұлы осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мен, өзім сол жердегі қазақ мәдени-ұлттық орталығын басқарған едім. Шыны керек, сол кездің өзінде жергілікті ұлт өкілдері бізге қысымшылық жасап, әлеуметтік-экономикалық жағынан  қағажу  көрдік. Ол кезде Тамды ауданында 25 мың қазақ тұрған. Қазір олардың үштен бір бөлігі Қазақстанға көшіп келген. Қалған қандастарымыз өз Отанына көше алмай, қиын жағдайға тап болуда. Мен өзім қазақ мәдени-ұлттық орталығының жетекшісі ретінде олардың бәрін білемін. Сондықтан Қазақстанға көшірілген жағдайда Қазақстанның игілігі үшін еңбек етулерін қамтамасыз ете аламын»,-дейді С.Қамаұлы.

Соңғы жаңалықтар