Өзбекстандағы ҚР Елшілігінде Қазақстан азаматтарының 63 пайызы дауыс беру құқығын пайдаланды
ТАШКЕНТ. 16 қаңтар. ҚазАқпарат /Құрмат Самархан/ - Өзбекстандағы ҚР Елшілігінде 60 пайыздан астам Қазақстан азаматтары дауыс беру құқығын пайдаланды.
Тіркелген573 сайлаушының ішінен 308-і дауыс берді. Осылайша Өзбекстанда уақытша тұратын Қазақстан азаматтарының 63 пайызы өздерінің дауыс беру құқығын пайдаланды.
Өзбекстанда уақытша немесе тұрақты тұрып жатқан Қазақстан азаматтарына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына сайлауы туралы алдын ала хабарланды. Оларға қатысушы партиялардың толық тізімі мен қажетті ақпарат берілді.
Сайлау науқаны тыныш өтті, ешқандай заң бұзушылық тіркелген жоқ.