Өзбекстандағы сайлау: 71,8 процент сайлаушы дауыс берді

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Өзбекстанда сағат 17:00-дегі жағдай бойынша президент сайлауында 70 проценттен астам дауыс беруші өз тағдауын жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ОСК мәліметіне сай, 17:00-дегі жағдай бойынша (Ташкент уақытымен) Өзбекстан президентін сайлауда 14 258 780 адам дауыс берді. Жалпы дауыс беруші контингент 19 859 127 адам десек, бұл соның 71,8%-і.

Еске сала кетейік, бүгін өзбекстанда президент сайлауы өтіп жатыр. Сайлауда бес үміткер бақ сынауда. Оның ішінде қазіргі президент Шавкат Мирзиёев бар.

Сайлауда жеңіске жету үшін кандидат 50 проценттен көп дауыс жинауы керек.

Соңғы жаңалықтар