Өзбекстандық әйел 914 күн бойы Қазақстанда заңсыз жүрген
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жамбыл облысындағы Шекара қызметінің "Айша-бибі - автомобильдік» бақылау-өткізу бекетінің (қазақ-қырғыз шекарасы) наряды Қазақстанның көші-қон заңнамасын бұзған 50 жастағы Өзбекстан азаматшасын ұстады.
Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.
Елімізден Қырғыз Республикасына жаяулатып кетіп бара жатқан азаматшаның құжаттарын тексергенде оның Қазақстанда 914 күн бойы заңсыз жүргендігі анықталды.
Аталған дерекке қатысты материалдар ҚР Әкімшілік-құқықбұзушылық кодексінің 514-бабының 4-тармағы бойынша Тараз қаласының көші-қон полициясының қызметкерлеріне берілді.