Өзбекстандық байланысшылар Қазақстан мен Ресейге қоңырау шалу бағасын сақтап қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Өзбектелеком» АҚ Халықаралық операторлармен Ресей және Қазақстан бағытына  қоңырау шалу тарифін  азайту жөнінде келісімге қол жеткізді, деп хабарлайды uza.uz.

Өзбекстандық байланысшылар Қазақстан мен Ресейге қоңырау шалу бағасын сақтап қалды

Атап айтқанда, оператор бұдан бұрын 2018 жылдың 1 маусымында «Орталық Телеграф» сервистік телоыон карталары абонентері үшін тарифті көтеруді жоспарлаған шешімін өзгертті.

Соған сәйкес ескі тариф: «Орталық Телеграфтың» телефон картасы арқылы Ресеймен  сөйлесу - минутына 410 сум, ал Қазақстанмен - 425 сум сақталатын болды.