Өзбекстандық қария Атырауда 21 жыл бойы құжатсыз жүрген

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда 21 жыл бойы құжатсыз жүрген өзбекстандық қария анықталды. Жеке басы анықталған соң шетелдік азамат еліне қайтарылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 20 қаңтардан «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.

«Аталған іс-шара кезінде Атырау қалалық полиция басқармасы №2 полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Нұрсұлтан Кеңесов құжатсыз жүрген 72 жастағы шетелдікті анықтады. Өзбекстан Республикасының азаматы Қазақстанға 2000 жылдары келген. Қазақстандық әйелмен отбасын құрған. Ерлі-зайыптылардың ортақ бес баласы бар. Шетелдіктің айтуынша, сол жылдары құжат дайындамақ болған. Бірақ, қажетті құжаттарды толық тапсыра алмаған», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір Атырау қалалық полиция басқармасы көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері құжаттарды жинақтады. Нақтылай айтқанда, 1951 жылғы шетелдіктің жеке басын анықтап, еліне қайтару үшін тиісті құжаттар тізбесін Өзбекстан Республикасының Ақтау қаласындағы консулдығына жолдады.

Еске сала кетелік, Атырау облысында жоғалып кеткен Өзбекстан азаматы табылғанын хабарлаған болатынбыз. Ол Ресейден келе жатқан шетелдік көліктен түсіп, із-түзсіз жоғалып кеткен. Азаматтың жоғалғаны туралы хабар Мақат аудандық полиция бөліміне 20 ақпанда сағат 22:30 шамасында түскен. Доссор кентіндегі полиция бөлімшесінің қызметкерлері шетелдік азаматты 21 ақпанда сағат 2:00 шамасында тапқан. Өзбекстан Республикасының тумасы Мақат ауданындағы №469 теміржол бекетінің тұсында жүргені анықталған.


Соңғы жаңалықтар