Өзбекстандық құрылысшы 16-шы қабаттан құлап кетті - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 1 сәуір ҚазАқпарат - Алматыда өзбекстандық құрылысшы 16-шы қабаттан құлап кетті, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Өзбекстандық құрылысшы 16-шы қабаттан құлап кетті - ҚР ТЖМ

Ведомствоның ақпаратына қарағанда, кеше кешкісін жаңадан салынып жатқан «Әйгерім» тұрғын үй кешенінде 16-шы қабатта құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан «Астана-Құрылыс инвест» ЖШС-нің жұмысшысы абайсызда құлады. Оқиға салдарынан 26 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматы сол жерде жан тәсілім етті.