Өзбекстандық өз отандастарын тірі қойдың құнынан да төмен бағаға саудалаған - БАҚ

АСТАНА. 6 наурыз. ҚазАқпарат - Өзбекстандық өз отандастарын бордақыланған қойдың құнынан да төмен бағаға сатып келген, деп жазады «Казахстанская правда» газетінің тілшісі Анна Вегель «Продам человека по сходной цене» деген тақырыптағы мақаласында.
None
None

35 жастағы Н. осыдан бірнеше күн бұрын Қарағанды облыстық ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлерінің құрығына іліккен.

Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша,  Н. есімді азамат 2008 жылдың ақпанынан бері мемлекетаралық іздеуде болған. Ол өз отанында адам саудасы сынды қауіпті қылмысқа кінәлі деп саналған. Аталған азаматтың Өзбекстаннан гастарбайтерлерді Жамбыл облысына жеткізумен айналысқандығы әрі бір адамға 300 доллардан алғандығы белгілі болып отыр. Тұтқындалушының атап өтуінше, ол осы уақыт аралығында біздің республиканың аумағында, бастапқыда Жамбыл облысында, кейін Қарағандыда   жасырынып жүрген.   

Қазіргі уақытта Н. облыстық ІІД-нің уақытша оқшаулау абақтысына қамалды. Оның тұтқындалғандығы туралы ақпарат Өзбекстанның құқық қорғау органдарына ескертілді.

 

Соңғы жаңалықтар