Өзбекстандық зейнеткер Қырғызстанда ең қарт студент атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстанның Ош қаласындағы жоғары оқу орындарының бірінде өзбекстандық 66 жастағы Адалат Мусаев білім алып шықты, деп хабарлайды Turmush .

Өзбекстандық зейнеткер Қырғызстанда ең қарт студент атанды

Өзбекстанның Әндіжан облысының тұрғыны биыл Ош мемлекеттік медицина университетінің медицина факультетін бітірді. А.Мусаев 30 жылға жуық Әндіжандағы аурухананың онкология бөлімінде фельдшер болып істеген. Ол зейнетке шыққан соң арманын орындап - дәрігер дипломын алу үшін жоғары оқу орнына түскен.


Қазір қарт түлек ординатурада оқуын жалғастырмақ ниеті бар. Ол жұмыс істеу үшін Әндіжандағы ауруханаға қайтып келеді.

Қарт студент оқу кезінде ОшМУ-дың жатақанасында студенттермен тұрған.