Өзбекстандықтар Наурыз мерекесінде үш күн демалады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстан Республикасы президентінің қаулысына сәйкес, республикада 19-21 наурыз күндері демалыс болып жарияланды, деп хабарлайды uzreport.uz .
None
None

16 наурыз күні Өзбекстан президенті жалпыхалықтық Наурыз мерекесін тойлауға байланысты демалыс күнін ауыстыру туралы қаулы қабылдады. Мемлекет басшысының қаулысына сәйкес, демалыс күні 18 наурыздан 20 наурызға ауыстырылды.  Сенбі 18 наурыз жұмыс күні болып жарияланды.

Айта кетерлігі, қырғызстандықтар Наурыз мерекесіне орай төрт күн демалады. Қырғыз үкіметі 2017 жылдың 20 наурызын - дүйсенбі күнін демалыс деп жариялады.

Ал, Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің қаулысына сәйкес Наурыз мерекесіне орай қазақстандықтар бір аптаға жуық демалады. Сенбі, 18 наурыз - жұмыс күні, ал, 19, 20, 21, 22, 23 наурыз күндері толық демалыс, жұма, 24 наурыз - жұмыс күні де, 25-26 наурыз - сенбі-жексенбі күндері тағы демалыс болады.

Соңғы жаңалықтар