23:15, 03 Ақпан 2023 | GMT +5
Өзбекстанға әкелінетін көліктің басым бөлігі Қытайдан импортталады
ТАШКЕНТ. ӨзА -ҚазАқпарат - 2022 жылы Өзбекстанға әкелінген автокөліктің басым бөлігі Қытайдан импортталған. Бұл туралы ҚазАқпарат ӨзА сілтеме жасап хабарлайды.
Өзбекстанның статистика агенттігінің мәліметіне сәйкес, 2022 жылы Өзбекстанға әлемнің 34 мемлекетінен көлік әкелінген. Ең көп көлік әкелген елдердің ішінде Қытай бірінші орында– 11 159 көлік.
Одан кейінгі орындарда сәйкесінше 9 414 және 7 208 көлік әкелген Корея мен Қазақстан тұр.
Сондай-ақ, бұл тізімде Ресей (1499), АҚШ (555), Жапония (157), БАӘ (128) және Германия (125) елдері бар.