22:46, 23 Сәуір 2025 | GMT +5
Өзбекстанға алғаш рет жасанды жаңбыр жауғызатын құрылғы жеткізілді

Аудан әкімі Руслан Рузаевтың бастамасымен мұнда атмосфераға әсер ететін бұлттардың пайда болуына және жауын-шашынның болуына ықпал ететін арнайы техника жеткізілді.
Бұл технология қазірдің өзінде құрғақ климаты бар елдерде қолданылғанымен, Өзбекстанда мұндай тәжірибе бірінші рет қолға алынды.
Жоба International Centre of Climate Change Technologies қазақстандық компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылуда. Бұл шешім табиғи су көздеріне тәуелділікті азайтып, жайылымдардың жағдайын жақсартып, егіншілік пен мал шаруашылығында өнімділікті арттырады деп күтіліп отыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ресей Өзбекстанға Қазақстан арқылы экспорттайтын газдың көлемін 11 млрд текше метрге дейін ұлғайтуды жоспарлап отырғанын жазған едік.