Өзбекстанға бір жылда 5 млн-нан аса турист келген

ТАШКЕНТ. ӨзА - 2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында Өзбекстанға туристік мақсатпен 5,2 миллион шетел азаматы келген. Бұл туралы ҚазАқпарат ӨзА сілтеме жасап хабарлайды.

Өзбекстанға бір жылда 5 млн-нан аса турист келген

Өзбекстанның статистика комитетінің хабарлауынша, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,4 миллион адамға немесе 2,8 есеге өсткен.

Саяхаттау мақсатында келгендер арасында ең көбі көрші Қазақстаннан – 1,5 миллионнан астам.

2022 жылы Өзбекстанға мына елдерден ең көп азаматтары туристік мақсатпен келген:

  • Қазақстан – 1 млн 551,1 мың адам;
  • Тәжікстан – 1 млн 447,8 мың адам;
  • Қырғызстан – 1 млн 356,9 мың адам;
  • Ресей – 567,7 мың адам.

Сондай-ақ Түркия (75,6 мың), Оңтүстік Корея (19,9 мың), Германия (17,7 мың), Үндістан (16,8 мың), АҚШ (13,1 мың) және Франция (11 мың) азаматтары келген.