Өзбекстанға «Herbalife» өнімдерін заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте түнгі сағат 2.20-да, «Сарыағаш» шекаралық бақылау бөлімінің теміржол тексеру бекетінде «Herbalife» компаниясының өнімдерін заңсыз алып өтпек олғандар ұсталды, деп хабарлады продукциясына ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз орталығынан.
None
None

Нақтырақ айтқанда, «Көліктерді және жүктерді тексеру» бойынша шекара нарядының құрамы Қазақстан Республикасынан Өзбекстанға қарай бағыт алған Сарығаш-Келес электровозын тексеру барысында Herbalife продукциясына жататын протеиндерден, ұнтақтар мен таблеткалардан тұратын, жалпы салмағы 50 кг контрабандалық жүкті анықтады.

Тасымалдаушылар ретінде составтың 2 машинисті, Өзбекстан азаматтары ұсталды. Тиісті орындар тексеру жүргізуде.

Соңғы жаңалықтар