Өзбекстанға шетелден әкелінген электромобильдер саны өсуде

ТАШКЕНТ. ӨзА- ҚазАқпарат - Өзбекстанға шетелден әкелініп жатқан электромобильдер саны жыл өткен сайын артып келеді. Бұл туралы ҚазАқпарат ӨзА сілтеме жасап хабарлайды.

Өзбекстанға шетелден әкелінген электромобильдер саны өсуде

Мемлекеттік статистика комитетінің хабарлауынша, 2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында Өзбекстан әлемнің 9 елінен құны 13,5 миллион доллар болатын 455 электромобиль импорттаған.

Бұл жағдай 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда электромобильдер импорты 370-ке немесе 5,4 есеге өскен. Электромобильдердің көп бөлігі Қытайдан әкелінуде.

2022 жылдың алғашқы 3 айында Өзбекстан мына елдерден электромобиль импорттады:

· Қытай – 426;

· Германия – 13;

· Гонконг – 7;

· БАӘ - 3;

· Эстония – 2;

·АҚШ – 1;

·Канада – 1.

Айта кетсек, 2021 жыл 1 қазан айынан бастап Өзбекстанда электромобильдерге арнайы мемлекеттік нөмірлер беріле бастады. Электр қуатымен жүретін автокөліктерге берілетін нөмірдің басты айырмашылығы - аймақ коды жасыл фонда көрсетілген.