Өзбекстанмен шекаралас жерге Қырғызстаннан 100 мыңға тарта босқын топтасты
АСТАНА. Маусымның 15-і. ҚазАқпарат - 100 мыңға тарта қырғызстандық өзбектер Қырғызстан мен Өзбекстан шекарасына топтасты.
Олардың ішінде әйелдер, балалар мен қарттар басым, көпшілігі жаралы, деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасай отырып.
Бұрынырақ Өзбекстан билігі Қырғызстаннан келген 45 мыңға жуық босқынды ресми тіркеуден өткізді деп хабарланған.
Қырғызстанның оңтүстігінде қаза тапқандардың саны 138 адамға жетті, 1 мың 800 азамат жараланған. Қырғыздар Жалалабад және Ош қалаларында, сондай-ақ оларға қарасты ауылдарда тұратын өзбектерге жәбір көрсетуде.