Өзбекстаннан қашып кеткен қылмыскер Петропавлда ұсталды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында қарақшылық шабуыл және тонау жасағаны үшін іздеу жарияланған 30 жастағы Өзбекстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі СҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Мереке күндері қарсаңында солтүстікқазақстандық полицейлер облыс аумағына рейд жүргізуде. Ол үшін мыңға жуық қызметкер мен 160 дана автокөлік жұмылдырылды.

«Көші-қон және криминалды полиция қызметкерлері қарақшылық шабуыл және тонау үшін іздеуде жүрген 30 жастағы Өзбекстан азаматын ұстады. 2009 жылы Шыршық қаласы сотының үкімімен ол ауыр қылмыс жасауда айыпты деп танылған және оған 13 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. 2014 жылы жазаның өтелмеген бөлігі түзеу жұмыстарына ауыстырылып, еңбекақының 20% мемлекет пайдасына аударылып тұруы тиіс еді. Бірақ, сотталушы жасырынып, ел аумағынан шығып кеткен. Қылмыскер транзиттік жолаушылар құжаттарын тексеру барысында анықталды және Петропавл қаласының уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды», - деп хабарлады СҚО ІІД баспасөз қызметі.

Сонымен бірге, мекеме бұрын жасалған 7 қылмыстың ашылғанын хабарлады. Іздеу жарияланған 13 қылмыскер ұсталды, оның 8-і бірнеше жыл бойы жасырынып келген. Қазақстанға келу ережелерін бұзған 39 азамат анықталды. Олардың барлығы ТМД азаматтары. 

Соңғы жаңалықтар