Өзбекстаннан Қазақстанға қатынайтын автобустар уақытша тоқтатылды

None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстанда халықаралық бағыттар бойынша тұрақты автобус қатынасы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Өзбекстан көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Өзбекстан көлік министрлігінің мәліметінше, соңғы күндері Қазақстан мен Ресейде байқалған қатты суықтан жолдарда көктайғақ пайда болған және оның салдарынан жол апаттарының көбею қауіпі күшейген.

«Ауа райының қолайсыздығын ескере отырып, жолаушылар тасымалының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 13 қаңтардан бастап Өзбекстаннан халықаралық бағыттар бойынша тұрақты автобус қатынасы уақытша тоқтатылды», - делінген ресми хабарламада.

Фото: mintrans.uz


Соңғы жаңалықтар