Өзбекстаннан Ресейге II - ХIХ ғасыр аралығында шығарылған аса құнды бірнеше монеталарды алып өтпек болған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстан кеденшілері елден 26 ежелгі күміс және жез монеталарды заңсыз алып өтпек болған Ресей және Өзбекстан азаматтары әрекетінің жолын кесті, деп хабарлады РИА Новости сейсенбі республиканың Мемлекеттік кеден комитеті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өзбекстаннан Ресейге II - ХIХ ғасыр аралығында шығарылған аса құнды бірнеше монеталарды алып өтпек болған

«Термез әуежайында елден 26 ежелгі монетаны заңсыз алып өтуге тырысқан Өзбекстан азаматы Эргаш Бегимов ұсталды, - деп нақтылады баспасөз қызметінен. МКК деректеріне сәйкес монета кеңсе степлеріне салынып, жолаушының қол жүгіндегі киімге оралған.

«Тергеу алды тексеру деректеріне сәйкес ежелгі монета иегері Өзбекстанда тұруға құқығы бар РФ азаматы Игорь Поповқа тиесілі», - деп атап өтті МКК өкілі. Оның айтуынша, Бегимов тарихи құнды монетаны республика аумағынан заңсыз алып шығу үшін курьер болған.

Сараптама монета II - ХIХ ғасыр аралығындағы жалпы тарихты қамтитын Грек-Бактрия мемлекеті, Қараханид, Темурид мемлекеттері кезеңіне жататынын анықтады. Монетаның құны 70 миллион сом (25 мың долларға жуық).

Факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.