Өзбекстанның алтын-валюта қоры 49 миллиард доллардан асты

TASHKENT. Kazinform - 1 мамырдағы жағдай бойынша Өзбекстанның алтын-валюта қорының көлемі 49,2 млрд доллар болды. Бұл өткен аймен салыстырғанда 2,9 пайызға артық, деп хабарлайды Podrobno.uz. 

Өзбекстанның алтын-валюта қоры 49 миллиард доллардан асты
Фото: Podrobno.uz

Өзбекстан Орталық банкінің мәліметі бойынша, алтын әлі де резервтердің негізгі бөлігін құрайды, ол 37,6 миллиард доллардан асады. Бұл ретте оның физикалық көлемі 11,8-ден 11,5 млн троя унциясына дейін төмендеді.

Резервтердің валюталық бөлігі сәуірде 616 миллион доллардан астамға өсіп, 11 миллиард долларды құрады.

Наурыз айында Өзбекстанның алтын-валюта қоры жаңа тарихи максимумға жетіп, 47,8 миллиард долларды құраған еді.

Еске сала кетейік, Қазақстан алтын-валюта қорын сатудан жыл сайын 5,5-6 млрд доллар тауып отыр

Соңғы жаңалықтар