Өзбекстанның Ішкі істер министрлігі Қашқадария облысында жол-көлік оқиғасынан 23 адамның опат болғанын хабарлады
ТАШКЕНТ. Мамырдың 4-і. ҚазАқпарат /Расул Бахамов/ - Өзбекстанның Қашқадария облысында болған үлкен жол апатында 23 адам қаза болды.
Бұл туралы елдің үкіметтік бұқаралық ақпарат құралдары Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлап отыр. Ресми ақпарат бойынша, мамырдың 2-сінде Қашқадария облысында жолаушылар автобусы жолдың шетінде тұрған экскаватормен соқтығысып, оқиға салдарынан 23 жолаушы қаза тапқан, төрт адам түрлі жарақат алған. Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында арнайы үкіметтік комиссия құрылып отыр. Зардап шеккендер мен қаза болғандардың туыстарына медициналық, материалдық және басқа да көмектер көрсетілуде. Ішкі істер министрлігінің органдары бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғады.