Өзбекстанның Қоқан қаласындағы базар отқа оранды

None
Фото: fvv.uz
ФЕРҒАНА ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - 12 маусым күні Өзбекстанның Ферғана облысы Қоқан қаласында орналасқан «Ұлы Жібек жолы» сауда кешенінде өрт шықты. Елдің Төтенше жағдайлар министрлігінен мәлім еткендей, кешендегі сауда дүңгіршектері отқа оранған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жалын сағат 19:17-де тұтанған. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына сағат 19:25-те жеткен.

«Өрт-құтқару бөлімшелерінің шұғыл іс-қимылдарының нәтижесінде өрт 20:25-те оқшауландырылып, 23:30-да толығымен ауыздықталды», - делінген хабарламада.

Тілсіз жаудың шығу себебі мен келтірілген материалдық шығын көлемі анықталып жатыр.


Соңғы жаңалықтар
telegram