Өзбекстанның жаңа президенті қай елге бірінші сапар жасайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертең, желтоқсанның 24-і күні Қырғыстанның президенті Алмазбек Атамбаев Өзбекстанға жұмыс сапарымен бармақшы. Самарқандта ол өзбек елінің жаңа басшысымен кездеспек. Шавкат Мирзиёев болса, алғашқы сапарын Қазақстан немесе Тәжікстан республикасына жасайды деген ақпарат бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат Өзбекстанның «Ферғана» агенттігіне сілтеме жасап.
None
None

Агенттіктің мәліметіне сәйкес, Қырғыстан президентінің өзбек жеріне жасаған соңғы сапары 2008 жылы болған.

«Осы жолғы сапар екі ел арасындағы аймақтық байланыстарын жақсартады деген болжам бар. Ислам Кәрімовтың тұсында ол байланыстар «қырғиқабақ соғысқа» ұласып кетудің сәл-ақ алдында қалған. Сондай-ақ осы кездесу Өзбекстанның жаңа президенті үшін алғашқы ресми шара болмақ», - делінген ресми хабарламада.

Сапар барысында А.Атамбаев өзбек басшысымен жеке және кеңейтілген құрамда кездесіп, елдің бұрынғы президенті Ислам Кәрімовтің қабіріне барып қайтпақ.

Ал Өзбекстанның жаңадан сайланған президенті Шавкат Мирзиёев өзінің алғашқы сапарын Қазақстанға немесе Тәжікстанға жасайды, ал келесі жылдың алғашқы тоқсанында Мәскеуге сапарлайды деген мәлімет бар.  

Соңғы жаңалықтар