Өзбекстанда ер кісі бас дәрігерді пышақтады

Өзбекстанның Ферғана облысы Қувасой қалалық медициналық бірлестігіне келген азамат пен осы емдеу мекемесінің бас дәрігері арасында жанжал шығып, соңы пышақтасумен аяқталды, деп хабарлайды Kazinform облыстық ІІБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

қамауға алу
Фото: pexels.com

Ағымдағы жылдың 11 желтоқсанында азамат Н.А. осы бірлестіктің бөлім басшысы Х.Н.-мен өзара келіспеушілік салдарынан жанжалдасып қалған.

Жанжал нәтижесінде азамат Н.А. қалтасында болған пышақпен бірлестіктің бөлім басшысы Х.Н.-ны ауыр жарақаттаған.

Осы жағдайға байланысты Өзбекстан Қылмыстық кодексінің 104-бабы 2-пункті «л» тармағы (қару қолдана отырып, денеге қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті Н.А. процессуалдық тәртіпте қамауға алынды.

Аталған қылмыстық істің тергеуі облыстық ішкі істер бюросының бақылауына алынғаны атап өтілді.

 жасанды интеллектіні тиімді қолдану үшін деректерге бағдарланған басқару моделін енгізу керек
Ұқсас жаңалықтар

ЖИ тиімді қолдану үшін деректерге бағдарланған басқару моделін енгізу керек — Мемлекет басшысы