«Өзен көлік құрастыру зауыты» басшысы үлескерлердің 303 млн теңгесін иемденгені анықталды

АҚТАУ. KAZINFORM — ҚМА Маңғыстау облысы бойынша департаменті «Өзен көлік құрастыру зауыты» ЖШС басшылығына қатысты азаматтардың қаражатын үлескерлік құрылыс ретінде заңсыз тарту фактісі бойынша тергеуді аяқтады. 

деньги, ақша, тенге, банк
Фото: pexels

— Екі жыл бойы компания басшылығы Жаңаөзен қаласында «Astana Rich Village» тұрғын үй кешенінің құрылысын қажетті рұқсат құжаттарынсыз, жобалық-сметалық құжаттамасыз, мемлекеттік сараптама мен авторлық қадағалаусыз жүргізген, — делінген хабарламада.

Азаматтардың қаражатын тарту мақсатында түрлі интернет-ресурстарда пәтерлердің нарықтан төмен бағамен сатылатыны туралы жарнама орналастырылған.

— Нәтижесінде 23 азаматпен жалған алдын-ала сатып алу-сату шарттары жасалған. Заңсыз тартылған қаражаттың жалпы көлемі 303 млн теңгеден асты.

Түскен ақша құрылыс материалдарын сатып алғандай көрініс жасап, кәсіпорын кассасынан қолма-қол ақшаға айналдырылып, шын мәнінде жеке қажеттіліктерге жұмсалған. Тұрғын үй құрылысы аяқталмаған, — делінген ҚМА хабарламасында.

Залалды өтеу және жәбірленуші үлескерлердің мүдделерін қорғау мақсатында сот санкциясымен күдіктілерге тиесілі мүлікке — тұрғын үй, пәтер, 2 автокөлік және 3 жер учаскесіне тыйым салынды.

Күдіктілердің бірі қамауға алынды, екіншісіне бұлтартпау шарасы ретінде кепіл қолданылды.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

Айта кетелік үлескер құрылыс нысанының кепілдігі барын банк қосымшасы арқылы тексере алады

Соңғы жаңалықтар