Өзен-Түрікменстанның мемлекеттік шекарасы теміржолында қозғалысты іске қосуға дайындық талқыланды

АСТАНА. 18 тамыз. ҚазАқпарат - ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Көлік және қатынас комитетінде Өзен-Түрікменстанның мемлекеттік шекарасы теміржолында қозғалысты іске қосуға дайындалу мәселелеріне арналған жиналыс өтті.

Өзен-Түрікменстанның мемлекеттік шекарасы теміржолында қозғалысты іске қосуға дайындық талқыланды

Оған ҚР Сыртқы істер, Мәдениет министрліктерінің және «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ-ның өкілдері қатысты, деп хабарлады Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен.

Аталған жоба Өзен (Қазақстан) - Қызылқия - Берекет - Эртрек (Түрікменстан) - Горган (Иран) теміржолының бір бөлігі болып табылады және Қазақстан, Түрікменстан, Иран Үкіметтері арасындағы келісім негізінде іске асырылуда. Келісім бойынша құрылысты бір уақытта 2011 жылғы желтоқсанда аяқтау көзделген. Алқалы жиын барысында басты талқыланған мәселе ретінде қозғалысты салтанатты жағдайда іске қосу орны мен өткізу мерзімін анықтау жайы қаралды.

Құрылыс барысының белсенді қарқыны мен қазіргі кезде абаттандыру жұмыстарының жүргізілуі теміржолдың қазақстандық учаскесіндегі нысанды ағымдағы жылдың қазан айында тапсыруға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда дипломатиялық арналар арқылы түрікмен тарапымен пойыздар қозғалысын бір уақытта ашу мәселесі талқылануда.