Өзенде ағып бара жатқан ақша көлемі 100 мың доллар болған
АСТАНА. 20 қараша. ҚазАқпарат - Британия полицейлері 100 мың доллар ақшаның қалайша өзеннен бір-ақ шыққанын анықтап жатыр.
Өзенде жүзіп жүрген ақшаны сол маңда итін серуендетіп жүрген адам байқап қалған.
Полицияның мәліметі бойынша, купюраның көп бөлігі жақсы сақталған. Қазір осы ақшаның иесі іздестіріліп жатыр. Егер табылған жағдайда, оған ақшаның заңды түрде тиесілі екенін дәлелдеу керек, деп хабарлады ВВС-дің орыс қызметінен.