Өзенге құлаған көліктегі нәресте 14 сағаттан соң аман-есен табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Юта штатында автомобиль аударылып, өзенге құлағаннан кейін 14 сағат өткен соң көлік ішінде болған 1 жастан асқан қыз аман-есен табылды.

Өзенге құлаған көліктегі нәресте 14 сағаттан соң аман-есен табылды

Балаларға арналған автокреслода отырған нәрестені балықшы тапқан.

Қыз Солт-Лейк-Сити ауруханасына жеткізілді. Оның жағдайын дәрігерлер «тұрақты» деп бағалады. Апат кезінде көлікті басқарған қыздың анасы көз жұмды, деп хабарлады Би би си.