«Өзенмұнайгаз» кен орнында өрт болды, зардап шеккендер бар

АСТАНА. 14 қаңтар. ҚазАқпарат - Кеше түнгі сағат төрт жарым шамасында Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында орналасқан «Өзенмұнайгаз» кен орнында 34-ТБ-да (топтық басқару) қиын айырып алынатын мұнай құрылғысы жанды.

«Өзенмұнайгаз» кен орнында өрт болды, зардап шеккендер бар

Өрт бір сағаттан кейін сөндірілді.

ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарланғандай, жалынды ауыздықтауға «Семсер - Өрт сөндіруші» өртке қарсы қызметінің 4 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды. Жалын шарпыған аумақ 22 шаршы метрді құрады. Өрттің салдарынан кәсіпорынның машинисі күйік жарақатымен ауруханаға жеткізілді.