"Өзенмұнайгаз" компаниясының бұрынғы қызметкерінің қызын өлтірген екі күдікті ұсталды
АСТАНА. 7 қараша. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында «Өзенмұнайгаз» компаниясының кәсіподақ белсендісінің қызы Жансәуле Қарабалаеваның өліміне қатысты екі күдікті ұсталды,
деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметінен.
«Ішкі істер органдарымен ағымдағы жылдың 19 тамызында «Өзенмұнайгаз» компаниясының бұрынғы қызметкерінің қызы Жансәуле Қарабалаеваны зорлап, одан кейін өлтірген Жаңаөзен қаласының екі тұрғыны анықталып, ұсталды және тұтқынға алынды», делінген хабарламада.
Ведомствоның атап өтуінше, күдіктілер Ж.Қарабалаеваны Жаңаөзен қаласының ескі әуежай ауданына алдап апарып, күш қолданып зорлаған. Осыдан кейін қылмыстарын жасыру мақсатында оны өлтіріп, денесін сол жерде қалдырып кеткен.
Қазіргі уақытта тұтқындалғандарға қатысты дәлелдер базасын нақтылау бағытындағы тергеу амалдары жалғасуда.