«ӨзенМұнайГаз» компаниясының өндірістік филиалындағы мұнай өндіру мөлшері қайтадан қалпына келтірілетін болады - Т.Құлыбаев

ТАНА. 7 қыркүйек. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «ҚазМұнайГаз» кен барлау» акционерлік қоғамына қарасты «ӨзенМұнайГаз» компаниясының өндірістік филиалындағы мұнай өндіру мөлшері қайтадан қалпына келтірілетін болады. Бұл туралы бүгін журнлаистермен болған брифингте «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының төрағасы Тимур Құлыбаев мәлім етті.

«ӨзенМұнайГаз» компаниясының өндірістік филиалындағы мұнай өндіру мөлшері қайтадан қалпына келтірілетін болады - Т.Құлыбаев

Оның сөзіне қарағанда, «ӨзенМұнайГаздың» өндірістік филиалында

4 айға созылған жұмысшылардың ереуілдерінің салдарынан биылғы жылы мұнай өндіру жоспары орындалмай қалуы мүмкін. «ӨзенМұнайГазда» өнім өндіру көрсеткіші бірте-бірте қалпына келе бастауда. Ереуілдің салдарынан біз біраз шығынға ұшырайтынымыз анық. Мүмкін «ҚазМұнайГаз» биылға жылғы жоспарды орындай алмауы да мүмкін. Дегенмен біз жақын арада мұнай өндіру көрсеткіштерін қалпына келтіреміз»,-деді Т.Құлыбаев.