Өзге ғаламшар тұрғындарына арналған ғарыштық SMS жүйесі құрылды

АСТАНА.  Тамыздың 13-і.  ҚазАқпарат -     Австралиялық www.HelloFromEarth.net  сайты  өзге ғаламшар тұрғындарына  SMS-хаттар  жолдау қызметін  ұсынуда.  Хат-хабарлар   тамыздың 24-іне  дейін  қабылданып,   одан кейін  Күн  жүйесінен   тыс  орналасқан   біздің Жерімізге    ұқсас Gliese 581d ғаламшарына  жөнелтілетін  болады, 

Өзге ғаламшар тұрғындарына арналған  ғарыштық SMS  жүйесі  құрылды

деп   хабарлайды   ҚазАқпарат «Эхо Москвы»  радиостансасына  сілтеме  жасап.

Жобаны  ұйымдастырушылар,      хаттардың  жеткізілу мерзімі   - шамамен 20 жыл  болатынын және   жауап  хаттың  болатындығына  кепілдік бере алмайтынын  ескертуде.

Ғарыштық  SMS-хаттар   жүйесі  Австрияда  өтіп жатқан   Ұлттық ғылым     апталығының аясында      жасалып  отыр.    Ғарышқа бірінші  болып   хатты    елдің ғылым  министрі Ким Карр   жазды.