08:40, 02 Наурыз 2009 | GMT +5
Өзге ғаламшарлықтарды іздеуге арналған телескоп ұшырылады
ВАШИНГТОН. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат – Өзге ғаламшарлықтарды іздеуге арналған «Кеплер» орбиталық телескопын ұшыру наурыздың 5-інен 6-сына ауыстырылды.
Бұл туралы американдық ғарыш ведомствосына сілтеме жасап РСН агенттігі хабарлап отыр. Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, ұшу сапарын кейінге ысыруға «Дельта-2» зымырантасымалдағышының барлық жүйелеріне қосымша тексерулер жүргізу қажеттілігі себеп болып отыр. Аталмыш зымыран орбитаға Канаверал мүйісіндегі ғарыш айлағынан ұшырылады."Кеплер" өз міндетін 3,5 жыл бойы атқаратын болады. Аппарат біздің галактикадағы 200 мыңнан астам жұлдызды зерттейді деп күтілуде.