Өзге ұлт өкілдері Абай оқуларының байқауына қатысты - Қызылорда облысы

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қазалы ауданында Абай шығармаларын насихаттау арқылы қазақ тілі мен мәдениетіне деген этнос өкілдерінің ықыласын арттыру әрі еліміздің рухани бірлігін нығайту мақсатында өзге ұлт өкілдері арасында Абай оқуларының байқауы өткізілді. Бұл туралы Қазалы аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Өзге ұлт өкілдері Абай оқуларының байқауына қатысты - Қызылорда облысы

Байқауға қатысқан 10-ға тарта ұлт өкілдері Абайдың білім, ғылым және өнер тақырыптарына байланысты поэзиялық шығармалары мен қара сөзін мәнерлеп оқудан, «Абай жолы» романынан үзіндіні көркем шеберлікпен жатқа орындаудан және Абайдың әндерін орындаудан сынға түскен.

Нәтижесінде №266 мектеп-лицейдің 9-сынып оқушысы Пан Николай бас жүлдені жеңіп алып, облыстық байқауға жолдама алды. Өзге жеңімпаздар алғыс хаттармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.