Өзге ұлт өкілдері бастаған «Тіл керуені» жобасы Баянауылда аяқталады

АСТАНА. ҚазАқпарат- Екібастұз қаласында басталған «Тіл керуені» жазғы маусымының салтанатты жабылуы барысында қолөнер шебері Г.Воронкова шеберлік сыныбын өткізеді.

Өзге ұлт өкілдері бастаған «Тіл керуені» жобасы Баянауылда аяқталады

 Облыстық тілдерді дамыту басқармасы мәлім еткендей, аталмыш жобаны қыста Екібастұз қаласының өзге ұлт өкілдері бастаған, деп хабарлайды pavlodarnews.кz .

 Тілдік жобаның тыңдаушылары 3 ақпанға дейін флеш-тренинг, ойынның психологиялық сипаттағы жаңа технологиялары қолданылған базалық деңгейдегі қазақ тілінің дәрістерін тыңдап, қазақ халқының салт-дәстүрлері, мәдениеті, тарихымен танысты. Тілдік жобаның жазғы кезеңі Ақтоғай және Ертіс аудандарында жалғасты. Ағымдағы жылдың 29 мамырынан 2 маусымына дейін Павлодар қаласының «Энергетик» шипажайында қазақ тілі арқылы қазақ халқының салт-дәстүрлерін үйренді. Жалпы оқыту сабақтарын осы жобаның авторы және тәжірбиелі қазақ тілі оқытушысы Шолпан Кинжикова жүргізді.

 "Ағымдағы жылдың 4-6 тамызы аралығында Баянауыл ауданының Торайғыр ауылында «Тіл керуені» жазғы маусымының салтанатты жабылуына арналған фестиваль өтеді. Этноауылда 9 киіз үй құрылып, дастархан жайылады. Шара барысында киізбен жұмыс істейтін қолөнер шебері, Г.Воронкова және Екібастұз қаласының сазбен, Ақсу қаласының терімен, Качиры ауданының тігінмен жұмыс істейтін шеберлер өздерінің шеберлік сабақтарын өткізетін болады. Сонымен қатар, қазақ халқының ұлттық ет тағамы - сірне жасаудың технологиясын көрсетеді. Қонақтарға және аудан тұрғындарына концерттік бағдарлама ұсынылады", - дейді мамандар.