Өзге ұлт өкілдері қазақ тілінің латын қарпіне өтуі заман талабы деп санайды - ОҚО

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облыстық  Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кезекті отырысы өтті. Түрлі ұлт пен ұлыстың өкілдері бас қосқан жиында латын әрпіне көшу бастамасы талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.
None
None

 «Қоғамдық келісім» мекемесінің ғимаратында өткен кеңестің отырысына кеңес мүшелері мен облыстағы этномәдени бірлестіктердің төрағалары және ассамблея жанындағы Қоғамдық келісім кеңесі, Аналар кеңесі, ғылыми-сарапшылық топ пен облыстық мәслихаттағы «Ел бірлігі» депутаттық тобының жетекшілері мен белді өкілдері қатысты. Басқосуға келген мәдени орталықтың өкілдері қазақ тілінің латын қарпіне өтуі заман талабы мен өркениет сұранысы екендігін айтып, байыпты бастаманың негізгі артықшылықтарына кеңінен тоқталды. Отырыс барысында ОҚО ҚХА төрағасының орынбасарлары облыстық корей этномәдени бірлестігінің төрайымы Роза Пак пен облыстық грузин этномәдени бірлестігінің төрағасы Заал Бочоришвили, Қазақстандағы өзбектер қоғамдық бірлестіктері «Дустлик» қауымдастығының жетекшісі Икрамжан Хашимжанов, облыстық қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі Байдулла Қонысбек, облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Балхия Көмекбаева, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы, қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі Жеңісбек Мәуленқұлов, ОҚО ҚХА жанындағы ғылыми-сарапшылық топтың жетекшісі, профессор Асма Қалыбекова сөз сөйлеп, елімізде уақтылы қолға алынған бастаманы бірауыздан қолдайтындықтарын жеткізді. Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы ұсынған қазақ тілінің латын графикасына негізделген əліпби жобасын осындай отырыстар мен жиындарда жан-жақты саралап, талдап, талқылауға шақырды.

Сондай-ақ бүгінде ұлттық қаріп жүйесіне реформа жүргізген Әзербайжан, Түркіменстан, Өзбекстан секілді бұрынғы одақтас республикалардың тәжірибелерін зерделеп, олардың кемшіліктерінен сабақ алуға болатыны айрықша атап өтілді. Басқосуға қатысушылар жаңа әліпби бойынша түсіндіру жұмыстарына барынша басымдық беру керек деген уәжге тоқтады.

Соңғы жаңалықтар