Өзге ұлт өкілдерінің арасында өткізілетін КТК ойындарына 10 жыл толды

АЛМАТЫ. Наурыздың 13-і. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Алматыда Н. Сац атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында Әуезов ауданының мектептері арасында 2000 жылдан бері өткізіліп келе жатқан КТК ойындарының 10 жылдық мерейтойы тойланады.

Өзге ұлт өкілдерінің арасында өткізілетін КТК ойындарына 10 жыл толды
Өзге ұлт өкілдері арасында ұйымдастырылып жүрген көңілділер мен тапқырлар сайысы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруді көздейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Бұл ойын қазақ тілінде сөйлей алатын, әдептілік нормаларын сақтап, адамдармен қарым-қатынас орната алатын жастарды тәрбиелеп шығару мақсатында құрылған еді.Мерейтойлық шараға КТК ойындарының бұрынғы команда мүшелері, жас буын өкілдері мен мұғалімдер арасында ұйымдастырылған командалар қатысады. Шараны Әуезов ауданының әкімдігі ұйымдастырып отыр.