09:52, 24 Қараша 2015 | GMT +5
Өзі сағат жасаған оқушының жанұясы $15 млн өтемақы төлеуді талап етті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мектепке қолдан жасаған сағат әкелгені үшін полиция ұстаған америкалық оқушының жанұясы моральдық залал келтіргендері үшін $15 млн талап етті, деп мәлімдеді адвокаттар. Мектеп қызметкерлері сағатты жарылғыш зат деп ойлаған.

14 жастағы Мохамед Ахмедтің жанұясы оқиға орын алған Ирвинг қаласының билігінен $10 млн және мектеп кеңесінен $5 млн талап етті.
Тиісті талаптар жазылған хаттар қала әкімшілігі мен мектепке жазбаша түрде кешірім сұрау талабымен бірге жолданды, деп хабарлады Газета.ру.
Осыған дейін өзі жасаған сағаты үшін қамауға алынған оқушы АҚШ-тан Катарға көшетіні жөнінде хабарланған.