Өзін генералмын деп таныстырған адам сотталушыны пара беруге итермелеген

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат Биылғы 20 шілдеде Ақмола гарнизоны Әскери сотының үкімімен өзін әскери генерал деп таныстырған А. Әмрин 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын орта қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Әмрин ысырап ету фактісі бойынша сотталушыны Семей гарнизонының Әскери сотының ақтау үкімін шығару үшін соттың лауазымды тұлғаларына 10 миллион теңге көлемінде пара беруге итермелегені және алаяқтық әрекеті үшін кінәлі деп танылды.

«Бұрын сотталған тиісінше пара беруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылып, сот оны 8 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын орташа қауіпсіз мекемеде өтейді. Үкім заңды күшіне енген жоқ»,-делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар