Өзін-өзі еңбекпен қамтығандар зейнетақыға қатысты қиындықтарға ұрынуы мүмкін

АСТАНА. 20 сәуір. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Өзін-өзі еңбекпен қамтығандар зейнетақыға қатысты қиындықтарға ұрынуы мүмкін.
None
None

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында Үкімет басшысының атына жолдаған сауалында депутат Айткүл Самақова ослай айтты.

«Ағымдағы жыл басында алынған мәліметтерге сүйенсек, қазақстандықтардың зейнетақылық жинақтары 2,3 триллион теңгені құраған. Бұл 8 миллион салымшының қаражаты. Яғни, орта есеппен алғанда, бір салымшыға 300 мың теңгеден келіп отыр. Аталған қаржыны зейнетақы қорлары зейнетке шыққандарға 5-6 жылдың ішінде қайтарып береді. Одан кейін зейнеткерлер тек біркелкі зейнетақы ғана ала алады, ал зейнет жасындағы адамдардың саны жылдан жылға азая бермек. Жасы 55-ке толған азаматтардың жинақталған зейнетақысын өмірінің соңына дейін алуы үшін өз жинақтарын аннуитеттік компанияға беріп, олармен келісімшартқа отыру ұсынылып отыр. Бірақ, зейнетақы қорларындағы салымдардың мөлшері ерлер үшін 2 жарым миллион, ал әйелдер үшін 3 млн теңгені құрауы керек. 1-ші қаңтардағы мәліметтер бойынша осыған сәйкес ерлердің саны - 25 мың, әйелдердің саны 9 мың адамды ғана құрайды. Ендеше бұның өзі өмірлік аннуитеттің тек санаулы адамдарға ғана қолжетімді екендігін аңғартады», - дейді А. Самақова. Депутаттың айтуынша, аталмыш жағдай өзін-өзі еңбекпен қамтып жүрген, зейнетақылық жинақтары жоқ 2,6 миллион адамға қиындық тудырары сөзсіз.

Соңғы жаңалықтар
Референдум