Өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз етіп отырған әйелдердің нақты санын анықтайтын бағдарлама қажет - А.Самақова

АСТАНА. Желтоқсанның 11-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Біз статистика органдарымен, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен бірлесе отырып, өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз етіп отырған әйелдердің нақты санын анықтайтын бағдарлама дайындаймыз.

Өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз етіп отырған әйелдердің нақты санын анықтайтын бағдарлама қажет - А.Самақова

Бүгін Астанада «Әйелдердің қоғамдағы саяси мүмкіндіктері - гендерлік демократияның ұстанымдары, проблемалар мен перспектива» атты тақырыпта өткен республикалық конференция барысында Мәжіліс депутаты Айткүл Самақова осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Бүгінде елде өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз етіп отырған және ешқандай статистикалық мәліметтерде тіркелмеген әйелдер саны өте көп. Олар қоғам өмірінен мүлдем оқшауланып, салық төлеу, медициналық қызмет көрсету сияқты шаралардан тыс қалған. «Мен кеше ғана Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықовамен кездесіп, аталмыш мәселені  бірлесе отырып тағы бір пысықтап шықтық. Біз қоғамда мұндай проблеманың бар екендігіне нақты көз жеткіздік», деді халық қалаулысы.