Өзін-өзі жұмыспен қамтыған 34 мың адам көлеңкеден шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылы орташа айлық 4,4 пайызға өсті. Бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«2017 жылғы қаңтар-қарашада орташа айлық еңбекақы атаулы мәнде 4,4 пайызға, яғни 146,7 мың теңгеге дейін өсті (нақты мәнде 2,9 пайызға төмендеді)», - деп атап өтті министр.
Оның сөзіне қарағанда, экономиканың орнықты өсуі әлеуметтік көрсеткіштердің жақсаруынан көрінеді.
«Жаңа жұмыс орындарын құру басты басымдықтардың бірі болып отыр. Биылғы 9 айда жалдамалы жұмысшылардың саны 53,1 мың адамға өсті және 1 қазандағы жағдай бойынша 6,4 млн адамды құрады. Бұл жұмыссыздықты төмен деңгейде, яғни 5 пайыздық межеде сақтауға мүмкіндік берді. 34 мыңға жуық өзін-өзі жұмыспен қамтығандар өздерінің еңбек қатынастарын заңдастырып, жалдамалы жұмысшылардың санатына өткенін атап өткен жөн», - деді Т. Сүлейменов.