Өзін-өзін атамын деп анасын жер жастандырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Иркутск облысындағы Уст-кута елді мекенінің 46 жастағы тұрғынының үстінен қылмыстық іс қозғалды. Оған абайсызда адам өлтірген деген күдік келтіріліп отыр.

Өзін-өзін атамын деп анасын жер жастандырды

Тергеу болжамы бойынша, ол өзін-өзі өлтірмекке әрекеттенген, бірақ мүлт кетіп анасын атып алған.

Оқыс оқиға 1 наурыз күні орын алды. «Күдікті мас күйінде өз-өзіне қол жұмсамақ болған»,-деп хабарлады Иркутск облысы бойынша РФ ТК тергеу басқармасынан. - Ол аңшы мылтығын басына таяп тұрып, шүріппені басқан, бірақ мүлт кетті».

Оқ асхана мен бөлменің арасындағы қабырғаны тесіп өтіп, оның 78 жастағы анасын жер жастандырған.