Өзін-өзін реттеуді корпоративті кодекстердің және стандарттардың негізінде дамыту керек - С. Ахметов
АСТАНА. Қыркүйектің 22-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бизнес ортаны жақсартудың қажетті талабы - әлемдік үздік тәжірибенің негізінде кәсіпкерлік қызметінде мемлекеттік реттеудің жүйесін реформалау.
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары Серік Ахметов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
С. Ахметовтың сөзіне қарағанда, Премьер-Министрдің қолдауы болған жағдайда таяу уақытта тиісті идеологияны даярлап, «Өзін-өзін реттеу жөніндегі» бөлек заң қабылдануы мүмкін.
Оның айтуынша, мемлекеттік реттеуден кәсіпкерлік қоғамдастықпен бірлесе тең түрде реттеуге көшу қажет. Әсіресе, бұл адам денсаулығына, қоршаған ортаға, жануарлар әлеміне, мүлікке тікелей қатер туғызбайтын салаларға қатысты. Бөлек жағдайларда, яғни еркін мамандықтар тұрғысында кәсіби қауымдастықтардың көмегімен қазірден бастап сәйкес салалық нарықтардың өзін-өзін реттеуге көшуінің формаларын анықтауға болады. Оның ішінде туристік, адвокаттық, нотариалдық, бағалау, аудиторлық қызметтер бар.
Осы орайда С. Ахметов дамыған елдердегі секілді өзін-өзін реттеуді корпоративті кодекстердің және стандарттардың негізінде дамыту керек екенін айтып өтті.