Өзінің 23 жасқа толғанын күнін қазақстандық теннисші Андрей Голубев Еуропада ресейлік АТР жұлдызы Николай Давыденконы жеңуімен атап өтті

АСТАНА. Шілденің 23-і. ҚазАқпарат /Мұрат Жәкеев/ - Өзінің 23-інші туған күнін қазақстандық теннисші Андрей Голубев Германияда өткізілген теннис турнирінде ресейлік АТР жұлдызы Николай Давыденконы жеңуімен атап өтті.

Өзінің 23 жасқа толғанын күнін қазақстандық теннисші Андрей Голубев Еуропада ресейлік АТР жұлдызы Николай Давыденконы жеңуімен атап өтті

Гамбургтің теннис кортында ресейлік жұлдызбен өткізілген жекпе-жекте А.Голубев спорт сарапшыларының болжауларына қарамастан, үздік шыға алды. Қазақстандық спортшы Гамбургта бірінші нөмірде жүрген спортшы, әлемнің алтыншы ракеткасын екі сетте 6:4, 6:4 есебімен ойсырата жеңді.