Өзінің кәсіби шеберлігін көрсете білген жастар ғана жұмысқа алынатын болады - ҚР Сауда және экономикалық даму министрлігі
АСТАНА. 10 желтоқсан. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Енді, өндірісте іс-тәжірибеден өтіп жүрген жастар өздерінің кәсіби шеберлігін көрсете алатын болса, 6 айдан кейін олар жұмысқа алынатын болады.
Бүгін Инвесторлар мен кредиторлар клубының кезекті отырысында жастардың өндірістік іс-тәжірибе мәселесіне тоқталған ҚР Сауда және экономикалық даму министрлігі Инвестициялық саясат департаментінің директоры Бауыржан Тортаев осылай айтты.
«Ең алдымен, жас маман өзінің кәсіби дайындығын көрсетіп, өзіне деген өндірістік сұранысты дәлелдеп беруі тиіс. Сонда ғана 6 айдан кейін кәсіпорынның басшылығы оны жұмысқа қалдыра алады. Осы орайда атап өтер жәйт, өндірістік іс-тәжірибеден өтіп жүрген жастарға мемлекет тарапынан 26 мың теңге көлемінде шәкіртақы төленетін болады. Аталған төлемдер тек 6 айға ғана есептелген», - деді Б.Тортаев.