Өзінің орынбасарын ұрлап, өлтірді деген айыппен «Алаш» ЖАҚ президенті ұсталды

АСТАНА. Қазанның 26-сы. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Адамды ұрлау және өлтіру фактісі бойынша «Алаш» жабық акционерлік қоғамының бұрынғы президенті ұсталды.
None
None

Бұл туралы бүгін журналистерге арналған брифингте ҚР ІІМ Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қ.Жұмановтың сөзіне қарағанда, «Алаш» ЖАҚ пен «Алаш-Банктың» акцияларын беруден бас тартқаны үшін 2003 жылы аталмыш ЖАҚ-тың вице-президенті Болат Сафинді ұрлап әкету және өлтіру фактісі орын алды. Қылмыстық істі тергеу барысында күдіктілер анықталды. Олар - ЖАҚ-тың президенті Темірхан Мұхамбедияров, оның жеке қорғаушысы әрі жүргізушісі Досаев, «Алаш» ЖАҚ пен «Алаш-Банктың» бас директорының орынбасары Ерманов және «Алаш-сервис» ЖШС бас директорының орынбасары Бабаевтар.

«Өткен сенбі күні Алматының криминалдық полиция қызметкерлері «Алаш» жабық акционерлік қоғамының президенті болып жұмыс істеген Темірхан Мұхамбедияровты ұстады. Ерманов 13 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын өтеуде. 2007 жылы полиция қолына Бабаев та түскен болатын. Қазір соңғы қылмыскер Досаевты іздеп-табу бойынша шұғыл-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр»,  деді ол.

Соңғы жаңалықтар