П. Цыбулин «KAZsport» телеарнасының директоры болып тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылдың 1 қазанында «KAZsport» телеарнасының директоры лауазымына Павел Цыбулин тағайындалды. Бұл туралы телеарнаның сайтында хабарлады.

П. Цыбулин «KAZsport» телеарнасының директоры болып тағайындалды

Павел Валерьевич Цыбулин 2009 жылдың 16 ақпанынан «Қазақстан» ҰТА «Әскери-патриоттық және спорттық бағдарламалар» шығармашылық бірлестігінің жетекшісі, 2010 жылдың 1 ақпанынан бастап «Спорт бағдарламалары» шығармашылық бірлестігінің жетекшісі және 2013 жылдың 1 ақпанынан «KAZsport» телеарнасының бас продюсері қызметін атқарған.